- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Әскердегі әлімжеттік: әлеуметтік...
Әскердегі әлімжеттік: әлеуметтік желіде әскери қызметшінің анасының аудиожазбасы тарады
Әлеуметтік желіде келісімшарт бойынша жұмыс істейтін әскери қызметшінің анасы ұлының көрген қорлығын баяндайтын аудиожазба тарады, - деп хабарлайды YK-news.kz басылымы.
Әйелдің айтуынша, рота командирі ұлын осы күнге дейін басынып, ойына келгенін істеп келген. Әскери қызметшінің анасы "Жол бақылауы" қоғамдық бірлестігінің белсендісі Антон Князевке жүгінген. Ол аудиожазбаны әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған.
Әйел командир ұлына несие алдыртқанын, күнделікті азық-түлік тасуға мәжбүрлегенін, қоқан-лоқы көрсетіп, қорқытатынын айтқан.
Ұлттық ұланның "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді.
Г. Досымшалова"Бұл дерек ақпаратты тіркеу кітабына алынды, әскери полиция тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы барлық деректер бойынша қызметтік тергеу жүргізіп жатыр. Бүгінде 5518 әскери бөлімінің әскери қызметшісі қызметінен шеттетілді. Тексеріс қорытындысы бойынша қосымша хабарланатын болады", - деді Ұлттық ұланның "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің жетекшісі Бағдат Амангелді.