- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- “Әскерде интимдік шекара...
“Әскерде интимдік шекара жоқ екен“. Журналист Ербаянның оқиғасына қатысты жаңа дерек тапты
Танымал тележүргізуші, журналист Дина Төлепберген әскерден қиын жағдайда оралған Ербаянның оқиғасына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Есінен танып құлады ма, әлде ұрып құлатты ма? Міндетін атқарамын деп мүгедек болған Ербаян Мұхтардың жағдайына байланысты еліміздің барлық азаматтары секілді менің де көкейімде сұрақ көп. Көмекшілерім Ұлттық Ұланның 5571 әскери бөліміне барып, елең еткізер фактілерді тапты", - деп мәлімдеді ол әлеуметтік желідегі парақшасында.
Дина Төлепбергеннің көмекшілері әскери бөлімге барып, мән-жайды сұрап қайтқан екен. Ол жердегі қызметкерлердің берген жауабы мынадай болыпты.
"Мына жерде міне, очколар. Очко дегенді түсініп тұрсыз ғой, иә?", - деп Ербаянның очкода дәрет сындырған соң шалқасынан құлағанын айтады полковник.
Журналист Дина Төлепберген полковник айтқан "очконың" не екенін түсінбегенін айтты.
"Жоқ, түсініп тұрған жоқпын. Интернетте "очко" деп іздегенімде мынандай суреттер шықты. Тізілген тесіктер. Расында осындай болса, әскердегі дәретханада интимдік шекара деген атымен жоқ екен. Әрине, бұл менің пайымым, себебі бізді ішке кіргізбеді. Полковниктің айтуынша, әлгі очкода Ербаянның құлағанын көрген куәгер болған екен. Бірақ үлкен себеппен көмектесе алмапты", - дейді Дина Төлепберген.
Оның айтуынша, мамандар адамның ақылына қонбайтын түсініктеме беріпті. Полковник болған оқиғаны былай баяндап берді.
"Міне, Ербаян мына жерде отырады. Кіші дәрет сындырып тұрады. Анау контрактник мына жерде үлкен дәретте отырған. Мынау контрактниктің айтуы бойынша Ербаян мына жерде тұрды, дәретін сындырып болған кезде шалқасынан құлады дейді. Сол кезде мен жүгіріп келдім дейді. Ербаянның өзі сонда ем алып жүрген болатын. Температурасы 36,8 градус болған", - дейді әскери бөлімдегі қызметкер.
Ал журналист 36,8 градус дейтін көрсеткіштің қалыпты екенін алға тартты.
"Санама сыймайтыны, 36,8 градус дейтін Құдай-ау, қалыпты көрсеткіш емес пе? Әлде бұл болған іс болып, алдын алу үшін темірдей жігітті тентіретіп көрсетуі ме? Түсініксіз...", - деп аяқтады журналистік зерттеуін.
Ал әлеуметтік желідегі парақшасындағы жазбасында оқиғаның қысқаша мазмұнын баяндап өтті.
"Ашық ауыр бас ми жарақатын алған Ербаян Мұхтардың өміріне ел алаңдаулы. Ол 2023 жылдың 4 желтоқсанында оқыс оқиғаға тап болып, талай айды комада өткізіп, қазіргі таңда үйіне ауыстырылды. Міндетін өтеймін деп мүгедек болған сарбаздың тергеу ісі әділ өтіп, тезірек аяққа тұруын тілеймін…", - деп жазды журналист.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Д. Ибраева