- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Әскерде ант қабылдауға...
Әскерде ант қабылдауға анасы келе алмаған сарбаз Президент полкіне ауыстырылды
Әлеуметтік желілерде әскерде ант қабылдауға анасы келе алмаған сарбаздың видеосы көпшіліктің жанын тебіренткен еді. Видео кейіпкері "Айбын" Президенттік полкіне ауыстырылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"ҚР ҚМ 51809 әскери бөлімінің мерзімді қызмет әскери қызметшісі қатардағы жауынгер А.Землянкин ҚР МКҚ Айрықша мақсаттағы күштерінің "Айбын" Президенттік полкіне ауыстырылды", - деп жазылған хабарламада.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Айта кетейік, видеодағы сарбаз - әскери қызметші Александр Землянкин. Ол 1 маусымда әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасының 51809 әскери бөлімінде ант қабылдаған. Өкінішке қарай, туыстары салтанатты шараға келе алмапты. Майордың сұрағына сарбаз әскери тәртіппен жауап берді.
Александр - Щучинск қаласының тумасы. Мерзімді әскери қызметін Маңғыстау облысында атқарады.
Жергілікті басылым тілшілері сарбаздың анасымен сөйлескен. Ол ұлын жалғыз тәрбиелеп өсіргені белгілі болды. Александрдан басқа кәмелетке толмаған екі қызын тәрбиелеп отыр. Жалғызбасты әйел отбасын асырау үшін жұмыс істеп, Ақтауға жете алмаған.
Александрдың анасы ұлының Көкшетауда аспаз болып оқығанын, бірақ биыл әскерге баруға шешім қабылдағанын айтқан.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова