Танымал актер Тәуекел Мүсілім әскерге бару туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тәуекел Мүсілім желіде журналист Динара. Сәтжанның әскерге барып, басынан жарақат алып қиын жағдайда оралған Ербаян туралы жазбасын бөліскен.
"Осындай жағдайдан кейін ұлдарымызды армияға қалай жібереміз? Сарбаздарды өлтіріп, мүгедек қылатын армия бізге не үшін қажет?" - деп жазды актер әлеуметтік желідегі парақшасында.
Еске салайық, басынан жарақат алып, мүгедек болып қалған сарбазға көмек ретінде 140 миллион теңге қаражат жиналған болатын.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!