News & World Report зерттеуінің нәтижесі бойынша Қазақстан әскер күші бойынша 87 елдің арасында 19-орында, Өзбекстан (18-орын) мен БАӘ (20-орын) арасында. Беларусь 12-ші, Әзірбайжан 24-орынға табан тіреді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ranking.kz-ке сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, Ресей әлемдегі ең қуатты армиясы бар ел болып қала береді, одан кейін АҚШ, ал Қытай алғашқы үштікті жапты. Израиль 4-орында, ал Украина 6-орында. Олардан бөлек әлемдегі әскері ең мықты 10 елдің қатарына Оңтүстік Корея, Иран, Ұлыбритания, Германия және Түркия кіреді.
Люксембург, Сингапур және Эстонияның қарулы күштері ең әлсіз деп танылды.
Рейтинг 36 елдегі 17,2 мың адам арасында жүргізілген сауалнама негізінде жасалған. Барлық ел жеке жауаптар жиынтығы негізінде 73 критерий (атрибуттың) бойынша бағаланыпты.
Өзбекстан әскери күш бойынша Қазақстаннан тиісінше 0,2 балға алда, Өзбекстанда 16 балл, Қазақстанда 15,8 балл. Сонымен қатар, Қазақстан бұған дейін екі жыл қатарынан әскери күш бойынша көршілес елден алда болды: 2021 жылы - 25,6 балл және 21,5 балл, 2022 жылы - 12,6 балл және 10,8 балл.
Айта кетейік, Украина өз позициясын айтарлықтай нығайтты: зерттеуге сәйкес, 2023 жылы ол 73,6 балл жинаса, 2022 жылы бұл көрсеткіш 65,6 балл, 2021 жылы небәрі 38,6 балл болған.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!