- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Асқазан жұмысын бұзады:...
Асқазан жұмысын бұзады: бұл тағамдарды ешқашан араластырып жемеңіз
Кейбір тағамдарды араластырып жеу асқазан жұмысының бұзылуына әкеп соқтыруы мүмкін. Сондықтан мамандар бірге тұтынуға болмайтын тағамдар тізімін ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Газдалған сусын және пицца. Бұл бір классика іспеттес, дегенмен бұл тағамдарды араластырып жеу асқазан жұмысына теріс әсер ету мүмкін. Себебі, пиццадағы тазартылған көмірсу газдалған сусындағы қантпен бірге қандағы қант деңгейін жоғарылатады. Сонымен қатар, пицца майлы тағам, оны газдалған сусынмен бірге жеу ас қорыту жүйесіне зиян тигізіп, ыңғайсыздық тудырып, ішті кебітеді.
Жемістер мен жарма. Асқазан жемістерді оңай сіңіреді, ал дәнді дақылдарды ұзақ уақыт қорытады. Міне дәл осы себеппен асқазаны ауыратын адамдар үшін жемістер мен дәнді дақылдарды бірге жеуге болмайды.
Кофе және темірге бай тағамдар. Кофе мен шайдың құрамында темірдің ағзаға сіңуіне кедергі келтіретін заттар бар. Темірге бай тағамдарға жасыл көкөністер, жаңғақтар, бұршақ дақылдары, ет, жұмыртқа, теңіз өнімдері жатады.
Жұмыртқа мен ет. Жұмыртқаны етпен, мысалы, шұжықпен араластырып жеу ас қорыту жүйесіне зиян тигізуі мүмкін. Жұмыртқа мен ет құрамында ақуыздың мөлшері көп, бұл ақуыздардың шамадан тыс жүктеліп, асқазанда ыңғайсыздық тудыруы мүмкін.
Йогурт пен жидектер. Йогурт сілтілі өнім, ал жеміс-жидектің көп түрі қышқыл. Сондықтан мұндай өнімдерді біріктіріп жеу, асқазанның дұрыс жұмыс жасауына кедергі келтіреді.
Айта кетейік, бұған дейін асқазанның неліктен құрылдайтыны хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Ұлы жүздің Ресейге қосылуы қалай жүргізілді?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Б. Жұмаділлә