- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Асқар тауым құлады"....
"Асқар тауым құлады". Депутат Айдарбек Қожаназаровтың әкесі қайтыс болды
Фото:
әлеуметтік желі
Мәжіліс депутаты, Respublica партиясының төрағасы Айдарбек Қожаназаровтың әкесі қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Асқар тауым құлады. Әулетіміздің тірегі, отбасымыздың қорғаны, ағайынның ақылшысы болған құрметті әкеміз Асан Тұрлыбекұлының дәм-тұзы таусылды. Ерте ме, кеш пе, бұл күннің келерін білгенмін. Бірақ осыншалық ауыр тиеді деп ойламаппын…. Құрметті достар, осы жазбам арқылы сіздерге хабар жеткіземін. Аяулы Асан әкеміздің қонақасы Астана, Алматы, Қостанай қалаларында беріледі. Ол туралы қосымша жазамын", - деп жазды депутат әлеуметтік желіде.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова