Асқар Омаров Ақпарат және қоғамдық даму министрі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқар Қуанышұлы Омаров Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Асқар Омаров Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып биыл 11 қаңтарда тағайындалған болатын. Ол 1976 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. "Тұран" университетін бітірген.
1997-1998 жылдары - "Мәдениет проблемаларының республикалық ғылыми орталығы" әлеуметтік-экономикалық проблемалар секторының жетекші маманы.
1998-1999 жылдары - "Қазақстанның шағын бизнесі" журналында маркетинг жөніндегі маман.
2001-2005 жылдары - "РГ" новости недели" ЖШС корреспонденті.
2005-2006 жылдары - "Қазақстан "РТРК" АҚ - "Астана" филиалы ақпараттық-талдау бағдарламалары дирекциясы Алматы бюросының шеф-редакторы.
Әр жылдары жеке ұйымдарда басшылық қызметтер атқарған.
2008-2010 жылдары - "Нұр-Медиа" ЖШС директоры, бас директорының орынбасары.
2011-2013 жылдары - "Түркі академиясы" КЕАҚ вице-президенті.
2014 жылы - "Астана ЭКСПО-2017 "ҰК" АҚ басқарушы директоры.
2016-2017 жылдары - қоғамдық қор президенті.
2017-2020 жылдары - "ҚазАқпарат" ХАА ЖШС бас директоры.
2020 жылдың қаңтарынан бастап - "ҚазАқпарат" ХАА АҚ басқарма төрағасы.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!