- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ашуды қалай жеңген...
Ашуды қалай жеңген жөн?
Огайо университетінің зерттеушілері ашуды жеңуге арналған барлық танымал кеңес іске аса бермейтінін анықтаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі doctorpiter.ru-ға сілтеме жасап.
Қатты күйзеліс адам ағзасына өте зиян. Түрлі эмоциялардың әсерінен адам ақымақтық жасап, содан кейін өкінуі мүмкін. Ашуды басудың көптеген жолы бар. Көбіне босаңсуға кеңес беріледі.
Бұл әдісті Америка Құрама Штаттарындағы Огайо университетінің ғалымдары тексерген. Мамандар 10 189-дан аса адам қатысқан 154 зерттеуді талдап, қорытынды жасапты. Нәтижесінде бұл тактика айтарлықтай жақсы емес екені анықталған.
Зерттеу авторлары Шехтер-Сингердің екі факторлы теориясын ұстанды, оған сәйкес кез келген эмоция арқылы физиологиялық және психологиялық компоненттерді ажыратуға болады.
Ғалымдар бірінші топқа жүгіру, велосипед және жүзу секілді спорт түрлерін ұсынған. Екіншісіне терең тыныс алу, медитация және бұлшықеттердің біртіндеп босаңсуы секілді әдістерді ұсынған.
"Бұл ретте йога да әсер еткен. Ол физикалық белсенділікпен байланысты болса да, тыныс алу жұмысы эмоцияларды жеңуге көмектесіпті. Бірақ екінші топтағы әртүрлі сабақтар көбіне ашудың күшеюіне ықпал еткен. Мысалы, жүгіру жағдайды нашарлатуы мүмкін", - деп жазылған басылым мәліметінде.
Алайда кейбір ерекше жағдайлар болды. Мысалы, денешынықтыру және доп ойындары, керісінше, ашуды азайтуға көмектескен. Зерттеу авторларының пікірінше, белсенділіктің бұл түрлерінде жағымды эмоцияларды күшейтетін және жағымсыз эмоцияларды басатын ойын элементі бар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова