Тегін затқа таласқан жаңаөзендіктер жұрттың ашуына тиді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға 11 ақпанда болған. Видео әлеуметтік желіде тарады. Роликте тұрғындар бір-бірін итеріп, қысылып, тіпті құлап жатқанын көруге болады.
"Жаңаөзенде не тегін зат үшін "төбелесіп" жатыр? Тегін тамаққа таласып жатыр деген рас па?", - делінген жазбада.
"Біздің қазаққа жалпы тегін деген затты айтпау керек. Қырылып—төбелесіп. Позоррр"
"Жағдайы төмен отбасылар қаншама тізімін алса болды негізі тегін таратпай"
"Дым көрмеген адамдар екеніндігін көрсетіп қойды-ау"
"Осындай тегін беретін іс шараны қою керек сияқты, адамдар таласып қырылып кетеді"
"Алла сақтасын, аштық келсе не болатынын, құдайдың молшылығында осындай болса", - дейді Желі қолданушылары.
Маңғыстау облысы Полиция департаментінің мәліметінше, гүл сататын дүкен иесін көлік қозғалысына кедергі келтіргендігі үшін жауапқа тартылған.
Ал Жаңаөзен қаласы әкімдігінің мәліметінше, кәсіпкерлер бұл шараны жергілікті атқарушы органдармен мақұлдамаған.
"11 ақпанда акция ұйымдастырушылары Жаңаөзенде бес жұлдызды қонақүйге жолдама және тегін смартфон таратуды ұйымдастырған. Кәсіпкерлер өз әрекеттерін жергілікті атқарушы органмен келіспеді", - делінген Massaget.kz тілшісіне берген әкімдіктің ресми жауабында.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!