• 502.15
  • 490.7
  • 5.71

Асхат Садырбай екінші әйелін жындыханаға жатқызғысы келгені рас па?

Асхат Садырбай екінші әйелін жындыханаға жатқызғысы келгені рас па?
Фото: Видео кадры

Танымал әнші Ерке Есмаханның бірінші күйеуі, белгілі тележурналист Асхат Садырбай Руслан Өтепбайға берген сұхбатында екінші әйелін жындыханаға жатқызғысы келуіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сұхбат барысында Руслан Өтепбай Асхат Садырбайдан оның екінші әйелі Айғаным Болатқызына қатысты сұрақтар қойды. 

"Бір кездері оның мінезі қиындап, айғай-шу жиілеп кетті. Мен дымнан хабарсызбын, бір күні маған хабарлама жазады. Хабарламасында дәріханадан белгілі бір дәріні әкеп беруімді сұрады. Мен ол қандай препарат екенін сұрадым, ол көздің линзасына қажетті дүние екенін айтты. Мен дәріханаға барып, айтқан дәрісін сұрасам, ондағы кісілер маған бұл дәріні бере алмайтынын, оны алу үшін дәрігердің тағайындауы керегін түсіндірді. Бұл қателеспесем, 2017 не 2018 жылы. Мен "бере берсеңізші, көздің линзасына қажетті дәріге дәрігердің тағайындауының не қажеті бар?" десем, "жоқ, бұл өте ауыр препарат" дейді. Кейін үйге барып, өзінен сұрасам, дәріні жүйке ауруы немесе ақауы бар адамдар ішеді екен. Мен оны жындыханаға жатқызғым келмеді, мен оған мүмкін емделіп көрерсің деп ұсыныс тастадым. Психолог, невропатологқа апардым, бірақ ол психологқа барудан бас тартты, невропатологқа ғана келісті. Онда бір рет қана қаралды, өзінің аса қатты емделуге зауқы болмады", - деді ол.

Еске салайық, тележурналист Асхат Садырбайдың бұрынғы әйелі Айғаным Болатқызы Анна Данченкоға берген сұхбатында бұрынғы күйеуінің сұмдық әрекеттерін айтып, халықтан көмек сұраған еді. 

Айта кетейік, танымал әнші Ерке Есмахан тележүргізуші Асхат Садырбаймен 2011 жылы отау құрған. Олар бала дүниеге келген соң көп ұзамай ажырасып кетті. Ерке өз сұхбаттарында оның мінезі нашар екенін айтқан.

"Асхат ажырасқан кезімізде бар сыйлығын түгендеп алып қалды. Сырға, сақина, менде оның ешқандай заты қалмады. Оның мінезі сондай", - деді ол.

Бұдан соң Асхат Садырбай екінші рет Айғаным Болатқызына үйленіп, ол некесі де сәтсіз болды. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Б. Жұмаділлә