Асхат Оралов министр қызметінде қалды

Асхат Оралов министр қызметінде қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Асхат Раздықұлы Оралов Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада. 

Асхат Раздықұлы Оралов 1990 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен РФ СІМ Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар университетін тәмамдаған.

Әр жылдары Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің әлеуметтік-тәрбие жұмысы департаментінің жастар ұйымдарымен жұмыс бөлімінің бас маманы, протокол бөлімінің аға маманы болып жұмыс істеген.

2014-2016 жылдар аралығында - "Нұр Отан" партиясының "Нұр" филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

2017-2018 жылдар аралығында - "Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының" ММ басшысы.

2018 жылдың қаңтар-тамыз аралығында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің жастар саясаты департаментінің директоры.

2019-2020 жылдар аралығында - Павлодар облысы әкімінің орынбасары.

2020-2021 жылдар аралығында - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің вице-министрі.

2021 - 2022 жылдар аралығында- Нұр-Сұлтан әкімінің орынбасары.

2022 - 2023 жылдар аралығында -  Amanat партиясының атқарушы хатшысы қызметін атқарды.

2023 жылғы 4 қаңтарда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрі қызметіне тағайындалған еді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!