- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Асхат Оралов 35...
Асхат Оралов 35 жастағы ауыратлет Владимир Седовтың өліміне қатысты пікір білдірді
Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов 35 жастағы ауыратлет Владимир Седовтың өліміне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Басқарма басшысы спортшының сіңірген еңбегіне тоқталып, зілтеміршінің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
"Біріншіден, әрине, бұл көрнекті спортшы екенін айтқым келеді, соның арқасында еліміздің туы бірнеше рет Олимп шыңында тұрған. Қазақстан чемпионаттары мен халықаралық турнирлердегі тамаша нәтиже көрсету – бұл біздің ауыратлетиканың ғана емес, жалпы қазақстандық спорттың тарихында қалары сөзсіз. Көрнекті спортшының барлық туған-туысы мен жақынына көңіл айтамын", - деді Оралов.
Министрдің айтуынша, құзырлы органдар спортшының өліміне қатысты толық ақпаратты кейінірек береді.
"Қазір құзырлы органдар бұл мәселені тексеріп жатыр. Біз тағы да көңіл айтамыз. Құзырлы органдардың сараптамасынан кейін толық ақпарат беріледі", - деді министр.
Еске салайық, бұған дейін танымал қазақстандық ауыратлет Владимир Седов өз-өзіне қол жұмсағаны хабарланған еді. Жетісу облысы Полиция департаменті мәліметінше, 26 маусымда сағат 22.05 шамасында Седов Владимир Владимирович суицид жасағаны туралы хабарлама түскен. Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелген. Қайғылы жайтты Ауыр атлетика федерациясы да растады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек