- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Асхат Аймағамбетов алғаш...
Асхат Аймағамбетов алғаш рет жеке өмірі туралы айтты
Экс-министр Асхат Аймағамбетов алғаш рет отбасы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Аймағамбетов журналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында жеке өміріне қатысты сұраққа жауап берді.
"Екі балам бар. Біреуі жетінші сыныпта, екіншісі балабақшаға барады. Үйленгеніме 15 жылдан асып кетті. Сондықтан қазір осындай тұрмыс", - дейді министр.
Сонымен қатар, экс-министр жеке кәсібі туралы сұраққа жауап берді.
"Зәулім коттеджде тұрмаймын. Кәсібім жоқ. Колледж, университет, мектептерім жоқ. Күні-түні мемлекеттік қызметпен айналыссаң жеке басыңды ойлайтын уақыт болмайды", - дейді экс-министр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина