Танымал әнші, актриса Жарқынай Ханайым "Айтарым бар" жобасына берген сұхбатында бұрынғы күйеуі Айдар Асқарбекпен ажырасқаннан кейін қандай қарым-қатынаста екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әнші бұрынғы күйеуімен жақсы қарым-қатынаста екенін жеткізді.
"Мен арқа басын кең тастау керек деп ойлаймын. Себебі, баланың өз өмірі бар. Ол 18 жасқа толғанша мен жауаптымын. Маған қазір анам қалай керек болса, әкем де солай керек. Құдай сақтасын, мен екеуін бөліп жармаймын. Бұл да тура сол сияқты. Ең біріншіден, мен "қалай болар екен?" деп өзімді Айлананың орнына қойдым. Оған қоса, Айлананың әкесі жаман адам емес. Ол Айлана үшін бәрін істейді. Ол Айлананың күтімінде кейде менен көп нәрсені түсінеді. Ненің қалай болу керегін біледі, арасында мен оған қоңырау шалып, "Алдында қандай екпе салынып еді? Оны қашан салдырып едік?" деп сұраймын. Біз бала үшін достық қарым-қатынасты қалдырдық. Бұл үшін екі жақтың да даналығы қажет. Бала үшін Айдар екеуміз бәріне де дайынмыз. Бізді жақсы ата-анамыз деп айта аламын. Айланаға жақсы әке таңдай алғаныма қуанамын", - деді әнші.
Тағы да оқи отырыңыздар: Балалар жазғы демалыста қандай кітаптар оқуы керек?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!