Аша Матай "Қалаулым" бағдарламасына бандиттер келген кез туралы айтты

Аша Матай "Қалаулым" бағдарламасына бандиттер келген кез туралы айтты

Аша Матай лақап атымен белгілі әнші Ақбота Асқарбекова "Қалаулым" бағдарламасына бандиттер келген кез туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Ол кезде неше түрлі нәрсе болды ғой. Бандиттер келген кез де болды. Талып қалған кез болды, денсаулығым сыр берген жағдайлар болды. Бандиттер маған келген жоқ. Олар редакцияға келді. Мәди деген қатысушымыз болды. Мәдиге бір қыз келді. Ол қыздың әкесі қарсы болған екен. Сол кісі "жігіттерін" жіберген екен", - дейді Аша Матай. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина