- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Аш қарынға кәмпит...
Аш қарынға кәмпит жеген қыз көз жұмды
Новосібір облысындағы бастауыш мектепте оқитын қызбен төтенше жағдай болды. Сырт көзге сау көрінетін бала алдын-ала болжам бойынша улану салдарынан қайтыс болған. Анасы оның аш қарынға кәмпит жегенін айтқан. Қазір оны тергеу комитеті тексеріп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Қыз аш қарынға көп кәмпит жеп қойды. Ол құса бастады. Ересектер жедел жәрдем шақырды. Олар ауруханаға шамамен 20 минуттай барған, жолда байланыста болып, не істеу керегін айтып отқан. Нәтижесінде, қыздың тынысы тоқтаған", - деп айтты қыздың туысы "Комсомольская правда" редакциясына.
Алдын ала болжам бойынша өлімге "улану" себеп болған. Қазіргі уақытта жағдайды аймақ бойынша тергеу комитеті басқармасының қызметкерлері қолға алған. Олар болған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тексеру жүргізеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
А. Жапатова