- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Аш қарынға бал...
Аш қарынға бал жеудің зияны бар ма? Диетолог жауап берді
Бал жеу ағзаға пайдалы. Алайда оны жиі қолданудың да зияны бар екен. Диетолог Елена Соломатина айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Маманның айтуынша, аш қарынға бал қосылған судың пайдасы зор.
"Бұл ағзадағы клетка мен ұлпаны микроэлементпен қамтамасыз етеді, суыққа қарсы күресуге күш береді, ағзаны қуаттандырады, артық майдан арылтады, жүйке жүйесінің жұмысын жақсартады, ағзаны шлактан тазалайды. Сонымен қатар терінің, шаштың және тырнақтың саулығына жауап береді", - деді ол.
Диетолог бал қосылған судың зиянды тұсын да атап өтті.
"Бал қосылған су барлық уақытта да пайдалы емес. Емдік қасиетімен бағалы саналған балды тым ыстық, яғни 40-50 градустағы қайнаған суға араластыруға болмайды. Бұл кезде адам ағзасына өте улы канцероген заты бөлінеді де, ағзаны аурудан айықтырудың орнына, улай бастайды. Салдарынан сан түрлі аурудың қозуына себепші болады. Сол үшін бал қосылған суға лимон, сүт араластыру керек. Сонда ағзаны бір уақытта бірден емдеуге болады. Осындай құраммен таңертең аш қарынға бал қосылған су ішуді әдетке айналдырыңыз", - деді ол.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
А. Жайыққызы