"Аш болған ғой". Желіде адамдарға шабуылдаған аюдың видеосы тарады

"Аш болған ғой". Желіде адамдарға шабуылдаған аюдың видеосы тарады
Фото: видео кадры

Желіде фермаға шабуыл жасаған аюдың видеосы тарап жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кадрларға қарағанда тауда жеке тұрған фермаға аю шабыл жасаған. Оны ұстауға арнайы құзырлы орган қызметкерлері барған көрінеді. Аю фермадағы малға шапқан болса керек, ірі қара малдың біреуі жырқыштың құрбаны болған, оны видеодан да байқауға болады.

@trendtiktok100k #популярное #медведь ♬ оригинальный звук - TrendTiktok

Көпшілік оқиға Қытай не Моңғолияда болуы мүмкін деп болжаған. Оны қызметкерлердің сөзінен да байқауға болады. Тағы бір кадрлардан аюдың адамдарды қуып, үйдің төбесіне шығып алғаны көрінеді. Сол жерден құлап түседі. 

@trendtiktok100k #медведь #популярное ♬ оригинальный звук - TrendTiktok

Видеоға пікір қалдырғандардың көбі оқиға Қазақстанда болған деп ойлап қалған. Олар аю аш болған шығар деп болжап, алаңдаушылық білдірген.

"Мен Қазақстан деп ойлап қалдым", "Жылқыны талап тастаған ба, обал", "Аю аман қалды ма екен", "Аш болған сияқты, бір малды талап тастапты", "Аю аш болған ғой, сондықтан адамдарға келген", - дейді қолданушылар.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан