Әсет Тұрысов қаржы вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"ҚР Үкіметінің қаулысымен Әсет Нұрланұлы Тұрысов бұрынғы қызметінен босатылып, қаржы вице-министрі болып тағайындалды", - делінген хабарламада.
Әсет Тұрысов 1987 жылы дүниеге келген. 2009 жылы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетін, 2017 жылы "Нархоз" университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2009 жылы "Қазақтелеком" АҚ-да бастаған.
2010-2011 жылдары "Қазақтелеком" АҚ электр байланысы инженері.
2011-2012 жылдары ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінің Ақпараттық технологиялар саласындағы мемлекеттік саясат департаменті "электрондық үкіметті" дамыту және қорғау басқармасы сарапшысының міндетін атқарушы,
2012-2014 жылдары — ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің Ақпараттық технологиялар саласындағы мемлекеттік саясат департаментінің жобалық құжаттаманы талдау және ақпараттандыру жаңа моделін қалыптастыру бойынша сарапшы, бас сарапшы,
2014 жылы "Халыққа қызмет көрсету орталығы" РМК басқарушы директоры,
2014-2017 жылдары "Қазпошта" АҚ құрылымында жұмыс істеді.
2018 жылғы қаңтардан 2021 жылғы қаңтарға "Ұлттық ақпараттық технологиялар АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды.
2021 жылғы қаңтардан қазірге дейін цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі болды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!