- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Әсет Исекешев бірқатар...
Әсет Исекешев бірқатар инфрақұрылым нысандарының құрылысымен танысты
Астана әкімі Әсет Исекешев бірнеше инфрақұрылым нысандарының құрылысымен танысты, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Елорда әкімі «Бәйтерек» қосалқы электрстанциясының құрылысымен танысты, оны 2017 жылы қаңтарда іске қосу көзделген. Шағын станция Жаңа вокзалды, №15, 16 сорғы станцияларын және әлемдік деңгейдегі «Кәсіпқор» колледжін электр энергиясымен жабдықтайтын болады.
Әсет Исекешев ғимаратының құрылысы аяқталған №15 сорғы станциясын да аралап көрді. Мұнда сорғыларды, құбырларды, инженерлік желілерді (су құбырын, кәріз, нөсер кәрізін) монтаждау жұмыстары жүргізілді. Электр және БӨҚжА, технологиялық процесті басқарудың автоматтандырылған жүйесін монтаждау, ішкі әрлеу жұмыстары жалғасуда.
Сорғы станциясын 2016 жылдың 15 қазанында іске қосу жоспарланған. Сондай-ақ, Астана әкімі ЖЭО-2 жаңғырту және қалпына келтіру барысымен танысты.
Сапар соңында Әсет Исекешев №9 қалалық емханаға ат басын тіреді. Емхананың жалпы ауданы 9935,1 шаршы м, мекеме заманауи емдеу-диагностикалау жабдықтарымен жабдықталған білікті мамандар қызмет ететін 11 бөлімнен тұрады. 2016 жылдан бастап емханада Қазақстан Республикасында денсаулық сақтауды дамытудың 2016-2019 жж. арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында аурудың алдын алу мен басқаруға интеграциялық тұрғыдан қарау негізінде қоғам денсаулығын қорғау бойынша жаңа саясат қолға алынып, эндоскопиялық полипэктомия мен гистероскопиялық операциялар практикаға енгізілді.
T. Кіршібаев