Әсерлі кадр түсіреміз деп ереже бұзған: Түркістан облысында екі адам жазаланды

Түркістан облысында әсерлі кадр түсіреміз деп жол ережесін бұзғандар жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Полиция қызметкерлері әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында жүріп келе жатқан көліктің төбесіне мініп, түсірілім жасаған ер адамның видеосын байқаған.

Полицейлер бұл дерек бойынша тексеріс жүргізіп, оқиға Сайрам ауданында болғанын анықтаған. Жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі дронға түсірілген.

"ВАЗ көлігінің 22 жастағы жүргізушісі мен 30 жастағы жолаушысына әкімшілік шаралар қолданылды. Көлік арнайы тұраққа қойылды. Сонымен қатар, полиция қызметкерлері оқиғаға қатысушылармен профилактикалық әңгіме жүргізді", - деп жазылған хабарламада.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!