Танымал әнші, актриса әрі продюсер Әсел Сәдуақасова өзінен 7 жас кіші сүйіктісімен бірге тұрып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол NTK Entertainment Youtube-арнасына берген сұхбатта айтты. Арна мәліметінше, Әселдің елге келуіне сүйіктісі себепкер болған. Сәдуақасова Балиде өзінен 7 жас кіші Мағжан Тілеуханмен танысқанын айтқан еді. Күйеу жігіт блогерлер арасында дижитал-маркетолог ретінде белгілі. Енді жұп елге келіп, бірге тұруға шешім қабылдаған.
"Той қашан болатынын айта алмаймын. Бастысы, бақыттымын. Қазір жұбым бар, бәрі уақыт еншісінде. Той болса, алғашқы болып білесіздер", - деді ол.
Сондай-ақ, актриса Қазақстанда ұзақ тұрақтамайтынын бөлісті. Ол Дубай мен АҚШ-та тұрып көргісі келеді.
"Жаз бойы Қазақстанда ғана боламын деген жоспар жоқ. Әр мемлекетте тұрып көргім келеді, себебі әр сапар адамның дүниетанымын өзгертеді. Маған Дубай мен АҚШ ұнайды, сондықтан келесі кезек сол елдерде болуы мүмкін", - дейді ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!