- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Әсел Сәдуақасова артық...
Әсел Сәдуақасова артық салмақтан арылу жолдарын айтты
Әсел Сәдуақасова артық салмақтан арылу жолдарын айтып, Желі қолданушыларына бірнеше кеңес берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әнші тамақ талғамай, бәрін жей беретінін айтты. Оның ойынша, бір нәрсеге шектеу қою - сол нәрсені екі есе жеуге алып соғады.
"Күніне екі рет тамақ ішемін. 18:00-ге дейін тамақтануға тырысамын. Оның үстіне, йога жасап, серуендеймін. Өзімді тыңдап үйрендім, сондықтан қазіргі қалпым баланста. Оған қоса, майонез, майлы және ұннан жасалған тағам өнімдерін жемеймін. Күніне, кем дегенде, 1,5 литр су ішемін. Бұл маңызды. Қарным ашқанын сезген ұнайды. Қарным ашпайынша, ештеңе жемеймін, солай дәмдірек", - деп жазған актриса.
Сондай-ақ, әншінің сөзінше, ол тәттіге арнайы уақыт бөлген, тек 14:00-16:00 аралығында жеуге тырысады.
Әсел артық салмақтан арылуда көмектесетін бірнеше кеңес айтты. Оның сөзінше, алдымен басыңыздағы шектеулермен жұмыс істеңіз. Егер өзіңізге шынымен ғашық болғыңыз келсе, бұған кешенді түрде қарау керек. Тек тәттіден бас тарту емес, сондай-ақ кеш ұйықтау, бойыңыздағы жаман әдеттерден арылуды да қолға алу керек.
"Кішкентай қадамдардан бастаңыз, бастысы соңына дейін жеткізіңіз. Жаяу жүруді шешсеңіз бірден 2 сағат жаяу жүрудің қажеті жоқ, күніне 20 минуттан бастаңыз. Тамақтануға келсек, 19:00-ден кейін ас ішпеуге тырысыңыз. Бастысы - ештеңе күтпеңіз. Күнде таразыға тұрып, салмағыңызды өлшемеңіз. Күнделікті жұмысыңызды істей беріңіз, сонда жетістікке тез жетесіз", - деп жазды актриса.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек