Әсел Жанасова Президент әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Әсел Жұбанышқызы Жанасова Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - деп жазылған хабарламада.
Әсел Жанасова туралы не белгілі?
Ол 1987 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 2010 жылы "Болашақ" халықаралық бағдарламасы бойынша Кембридж университетінде (компьютерлік ғылымдар саласы) білім алған. 2014 жылы Кембридж университетінде магистратураны тәмамдаған. Мәскеу мемлекеттік университетінде Executive Management бағдарламасы бойынша оқыған.
Бұған дейін мынадай қызметтер атқарған:
- 2010-2014 жылдары - Лондон қаласындағы халықаралық компанияның ақпараттық технологиялар жөніндегі маманы, Ақпараттық технологиялар басқармасының менеджері, Киберқауіпсіздік департаментінің директоры;
- 2014-2016 жылдары - Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Цифрлық технологиялар департаменті директорының орынбасары;
- 2016-2017 жылдары - "Зерде ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы;
- 2017-2018 жылдары - "Астана" халықаралық қаржы орталығы басқарушысының кеңесшісі;
- 2018-2020 жылдары - "Астана" халықаралық қаржы орталығының цифрлық технологиялар жөніндегі басқарушы директоры;
- 2020-2022 жылдары - Қазақстан Республикасы cауда және интеграция министрінің орынбасары;
- 2022-2025 жылдары - "Қазпошта" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы;
- 2025 жылғы 8 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі болып тағайындалды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова