Әсел Асқарды соққыға жыққан ер адам 15 тәулікке қамалды

Әсел Асқарды соққыға жыққан ер адам 15 тәулікке қамалды

Танымал блогер Әсел Асқарды соққыға жықты деген күдікке ілінген ер адам 15 тәулікке қамауға алынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Алматы соттарының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ұсақ бұзақылық дерегі (Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігі) бойынша М.-ға қатысты әкімшілік істі қарады. Сот тамызда қаланың фитнес клубында М. жанжал шығарғанын, клиент А.-ға құрметсіздік танытып, азаматтардың тәртібі мен тыныштығын бұзғанын анықтады.

"Сот отырысында М. іс материалдарында баяндалған деректерді растады және істеген ісіне ішінара өкінеді. М. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқықбұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды және оған 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза қолданылды", - делінген хабарламада.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, блогер "Рояль" фитнес клубында кәсіби балуан, грек-рим күресінен чемпион бетінен бірнеше рет ұрғанын жеткізді. Сондай-ақ, қыз оған қауіп төніп тұрғанын айтты.

"Медиа тұлға ретінде бүгін қорландым. Жаңа Мелейский (Медеу - еск.) аудандық ішкі істер басқармасында бірнеше сағат болдым. Мен және мобилографым бүгін "Рояль" фитнес клубында болған оқиға туралы мәлімдеме жаздық.

Өкінішке қарай, өміріме, абыройыма, қадір-қасиетіме қауіп төніп тұр. Мені кавказ ұлтының өкілі соққыға жықты. Анамды қорлап, оған ештеңе болмайтынын айтып қорқытты. Ол үлкен адам, ал мен "қазақтың ..." екенмін. Осы оқиғаны анықтап, қолданыстағы заңнама шеңберінде шешім қабылдауларыңызды сұраймын", - деді Әсел Асқар видеода.

Артынша бұл іске қатысты қалалық полиция пікір білдірген болатын.  

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова