- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Әсел Асқар соққыға...
Әсел Асқар соққыға жығылды: блогер жанжал немен аяқталғанын айтты
Танымал блогер Әсел Асқар "Рояль" фитнес клубында кәсіби балуан, грек-рим күресінен чемпион бетінен бірнеше рет ұрғанын жеткізген еді. Ол бұл оқиғаның немен аяқталғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Блогер бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Оның айтуынша, ер адам заң бойынша жауап берген.
"Ол қоғамдық жерде менің ар-намысымды таптағаны үшін заң бойынша жауап берді. Кейін кешірім сұрады, мен оның кешірімін қабылдадым. Мен де кешірім сұрадым, бәрі шешілді", - деді ол.
Еске салайық, блогер "Рояль" фитнес клубында кәсіби балуан, грек-рим күресінен чемпион бетінен бірнеше рет ұрғанын жеткізді. Сондай-ақ, қыз оған қауіп төніп тұрғанын айтты.
"Медиа тұлға ретінде бүгін қорландым. Жаңа Мелейский (Медеу - еск.) аудандық ішкі істер басқармасында бірнеше сағат болдым. Мен және мобилографым бүгін "Рояль" фитнес клубында болған оқиға туралы мәлімдеме жаздық.
Өкінішке қарай, өміріме, абыройыма, қадір-қасиетіме қауіп төніп тұр. Мені кавказ ұлтының өкілі соққыға жықты. Анамды қорлап, оған ештеңе болмайтынын айтып қорқытты. Ол үлкен адам, ал мен "қазақтың ..." екенмін. Осы оқиғаны анықтап, қолданыстағы заңнама шеңберінде шешім қабылдауларыңызды сұраймын", - деді Әсел Асқар видеода.
Кейін жанжалға фитнес клуб өкілдері пікір білдірген еді.
"Болған оқиға біздің ережелеріміз бен құндылықтарымызды бұзу болып табылады. Біздің Клуб әрқашан теңдік, өзара құрмет және теңдіктің негізгі принциптерін ұстанады. Қандай да бір жағдайларға қарамастан, кез келген адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін агрессияны, жеке, діни, жыныстық немесе ұлттық сипаттағы қорлауды көрсетуге жол берілмейді. Оқиға кезінде Клуб жағдайға дереу ден қойып, оның ушығуының алдын алып, қажетті көмек көрсетті. Құқық қорғау органдарына бұл мәселені шешуге көмектесіп жатыр - бейнебақылау камераларының жазбасы бірден берілді, клуб қызметкерлері айғақ берді", - делінген хабарламада.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек