Асанәлі Әшімовтің жеке құжаттары мен марапаттары мемлекеттік сақтауға алынды

Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстан және КСРО еңбек сіңірген артисі, Мемлекеттік сыйлықтардың иегері, кино және театр актері әрі режиссері, театр педагогы, профессор, Театрлар қауымдастығының президенті Асанәлі Әшімов жеке қолжазбаларын, марапаттары мен кітаптарын, киноларға түскенде қолданған бағалы заттарын Мемлекеттік архивке тапсырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мәдениет басқармасы Мемлекеттік архивте дара тұлғаның құрметіне "Кино және театр тарланы - Асанәлі" музей-бұрышын ашты.

Фото: Алматы әкімдігінен

Енді ел азаматтары Асанәлі Әшімұлына қатысты 200-ден астам құжат пен экспонатты тамашалап, зерттей алады. Ол үшін архивке алдын ала өтінім беру қажет.


Фото: Алматы әкімдігінен

"Еңбекпен келген әр зат мен үшін бағалы. Қарап отырсам, мұның бәрі қазір – тарих. Біз көп болса жүз жасармыз, ал бұл заттар мың жасайды. Оған архив қызметкерлері ұқыпты қарап, олардың жоғалып кетуіне жол бермейді. . Мұнда жалғыз менің ғана емес, басқа да танымал адамдардың заттары қойылған. Бұл жақсы бастама. Ол келешек ұрпақ үшін жасалып жатыр. Әсіресе, оқушы, студенттер үшін маңызды, керек дүние. Сондықтан бұған оң көзбен қараған дұрыс. Осы іс-шараны ұйымдастырып отырған азаматтарға алғыс айтамын", - деді Асанәлі Әшімов.


Фото: Алматы әкімдігінен

Шараға белгілі зиялы қауым өкілдері, Асанәлі Әшімовтің отбасы, туған-туыс, жақын достары мен шәкірттері қатысты.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!