Аса ірі мөлшерде салық төлемей, Ресейге қашқан күдікті елге жеткізілді

Аса ірі мөлшерде салық төлемей, Ресейге қашқан күдікті елге жеткізілді
Фото: Видео кадры

Қазақстан азаматы Ресей Федерациясынан экстрадицияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бас прокуратура мәліметінше, ол аса ірі мөлшерде салық төлеуден жалтарған.

"Күдікті 2022-2023 жылдары коммерциялық ұйымның директоры болып, кірістер декларациясына бұрмаланған дерек енгізу арқылы 290 миллион теңгеден аса сома көлемінде салық төлеуден жалтарғаны анықталды", - деп жазылған хабарламада.

Ол осы қылмысты жасағаннан кейін қылмыстық қудалау органынан жасырынған, осыған байланысты халықаралық іздеу жарияланған.

Күдікті биыл қаңтарда Краснодар қаласында ұсталып, Бас прокуратураның сұрауымен елге экстрадицияланды.

Қазір күдікті тергеу изоляторына қамалды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget