- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Аса ірі мөлшерде...
Аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды
Фото:
Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов
Аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
18 қыркүйекте Ақмола облыстық прокуратурасының үйлестіруімен Целиноград ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері алаяқтықтың 47 эпизодын жасап, іздеуде жүрген "А" азаматын ұстады.
2024 жылдың қаңтар айынан бастап күдікті Астана қаласы мен Ақмол ауылының тұрғындарын алдау және сенімін теріс пайдалану жолымен олардың 90 млн теңге көлеміндегі ақшалай қаражатын иемденген.
Қазіргі уақытта аталған тұлға тергеу изоляторына қамалды. Жасалған қылмыс үшін күдіктіге мүлкі тәркіленіп, он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина