Аса ірі мөлшерде алаяқтық жасаған күдікті Ресейден экстрадицияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Күдікті 2024-2025 жылдар аралығында Тараз қаласында өзін коммерциялық ұйымның қызметкерімін деп таныстырып, қаражатты инвестициялау арқылы жоғары табысқа уәде беріп, азаматтарды әртүрлі тауарды көтерме сатып алу және кейін сату бойынша бірлескен кәсіппен айналысуға шақырған.
Алайда ол өз міндетін орындамай, алған ақшасын жымқырып, қажетіне жұмсаған. Осы қылмыстық әрекеттер салдарынан Қазақстанның 6 азаматына жалпы 100 млн теңгеден аса залал келтірілген.
"Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған. Биыл тамызда ол Ресейде ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды. Қазір тергеу изоляторына қамауға алынды", - деп жазылған хабарламада.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз