Алаяқтық жасаған күдікті Ресей Федерациясынан экстрадицияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тергеу барысында күдікті 2019 жылы ақпанда алдау арқылы Ақмола облысында орналасқан кен орнынан құрамында алтыны бар кенді өндіруге арналған келісімшарт жасасуға жәрдем көрсетемін деген сылтаумен үш азаматтың 500 мың АҚШ доллары мөлшеріндегі қаражатын иемденгені анықталған.
Сонымен қатар, ол 2021 жылы "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ-мен жол-құрылыс жұмыстарына байланысты келісімшарт жасасуға жәрдем көрсетемін деген сылтаумен екі кәсіпкерді 93,4 млн теңге беруге көндірген.
Күдікті қылмыстық құқықбұзушылық жасағаннан кейін жасырынған және осыған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланған.
"Ол былтыр қыркүйекте Ресей Федерациясының Мәскеу қаласында ұсталып, Қазақстанның Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Отанына экстрадицияланды", - деп жазылған хабарламада.
Қазір күдікті тергеу изоляторына қамалды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова