Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты экс-вице-министр Нұржан Әлтаевқа аса ірі көлемде пара алғаны үшін үкім шығарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлтаевқа Қылмыстық кодекстің 366-бабы 4-тармағында көзделген қылмыс бойынша айып тағылды.
"Бұрынғы вице-министр 2018 жылғы ақпаннан 2020 жылғы шілдеге дейін жалпы қамқорлық және "Атамекен" АЭС-тің мүддесін қолдағаны үшін М.-дан делдал арқылы жалпы сомасы 115 мың АҚШ доллары және 8 миллион 150 мың теңге пара алған.
Айыпталушының кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, ұялы телефон арқылы хат алмасумен, жасырын тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен, сараптама қорытындыларымен, заттай дәлелдемелермен және т.б. дәлелденді", - деді сот.
Прокурор айыптауды қолдап, 12 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
Сотталушы ақтауды сұрады.
"Сот оның балаларының болуын қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жай деп таныды.Оның берген антын бұзу қылмысты ауырлататын мән-жай болды.
Сот үкімімен экс-вице-министр Қылмыстық кодекстің 366-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмыстық құқықбұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған өмір бойына азаматтық қызмет атқару құқығынан айырумен 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - делінген сот қаулысында.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!