Танымал актер Нұрлан Қоянбаев үйде қандай отағасы екені туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы "Ринго" тобының солисі Аян Бірбаев instagram парақшасында айтып, видео жариялады.
Екінші әйел жайлы не ойласыз?! Қыздар жауап берсеңіздер күшті болар еді, - деп жазды ол.
Сондай-ақ, әнші Аян Бірбаев әзілкеш Нұрлан Қоянбаевтан "Екінші әйелге қарайсыз? Екінші әйел алғанға қарсы емессіз бе? Үй тірлігіне көмектесесіз бе?", - деп сұраған.
Ал Нұрлан Қоянбаев түнде жұмыстан келіп, ыдыс жуып қоятынын жеткізді.
"Үй шаруасына көмектесемін. Кір жумаймын, үй тазаламаймын. Кейде түнде келгенде, ас үйдің есігін жауып қойып, ыдыс жуамын. Үйге жұмсалатын ақшаның бәрін әйелім жаратады. Ал екінші әйел алуды әр адам өзі біледі. Маған бір әйел жетеді", - деді Нұрлан Қоянбаев.
Желі қолданушылары таңданысын жасыра алмай, түрлі пікір қалдырды.
"Алса осы кісі алмай ма, жағдайы жетіп тұр, оған қарсы демек, өз әйелін сыйлайды. Шамасы келмейтіндерғой ол ой мен бүйтем мен сүйтем деп көки береді. Екі әйел емес бір әйелін қарық қыла алмай жүргендер айтады солай армандап", "Мә ыдыс жуып көмектеседі, керемет", "Адамдарды жұп жұбымен жаратты дұрыспа мен естімедім бір еркекке екі қатыннан деп жазылғаннын", "Нұрлан оте ақылды азамат", - деп жазды олар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!