Тамақтанғаннан кейін аз ғана уақыт серуендеу тағамның қорытылуын жеңілдетеді және ас қорыту жүйесінің жұмысын жақсартады. Бұл туралы терапевт Никки Доран айтты. Асқазан-ішек жолын реттеудің мұндай қарапайым әдісін көбі білсе де, маңызды санай бермейді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lenta.ru-ға сілтеме жасап.
Доранның айтуынша, серуендеу кезінде іш бұлшықеттері жақсы жұмыс істейді, бұл ас қорыту жүйесі арқылы тағамның қорытылуына ықпал етеді. Сонымен қатар, маман серуендеу тамақтан кейін қандағы қанттың күрт көтерілуіне жол бермейтінін де жеткізді.
"Жаттығу кезінде бұлшықеттер глюкозаны сіңіруге бейім болады. Олар қан ағымынан қантты энергия үшін пайдаланады", - деп түсіндірді дәрігер.
Сондай-ақ, терапевт серуендеу кезінде мида серотонин және эндорфин сияқты нейротрансмиттерлер бөлінетінін айтты. Бұл гормондар көңіл-күйді жақсартуға және күйзеліс деңгейін төмендетуге көмектеседі, сонымен қатар, жалпы психикалық әл-ауқатқа оң әсер етеді.
Доран серуендеудің пайдасын толық алу үшін тамақтанған соң 10-30 минуттан кейін 10-15 минуттай жүру жеткілікті екенін жеткізді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!