Алматы қаласының прокуратурасы "832 авторемонтный завод КИ" АҚ акцияларының 100 пайызын қайтарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматы қаласының прокуратурасы заңсыз алынған активтерді қайтару бойынша жұмыс істеп жатыр.
Осы жұмыс аясында Алматы прокуратурасы 2017 жылы "832 авторемонтный завод КИ" АҚ-ның жалғыз акционері активтердің құнын 310 миллион теңгеге төмендетіп, оны заңды тұлғаға сатқанын анықтаған.
Бұл дерек бойынша Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 27 мамырдағы шешімімен мәмілені жарамсыз деп тану туралы прокуратураның талап арызы қанағаттандырылды.
Прокуратура шаралары бойынша 2,5 мың шаршы метр және 1,87 гектар жер учаскесі мемлекетке қайтарылды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!