Маңғыстау облыстық полиция бөлімшесіне 250-ге жуық арыз түсіп, арбау жолымен елдің ақшасын жинап алған әйелге шағымданушылар қатары артып отыр. Ол Қытайдан төмен бағамен ыдыс-аяқтар жеткізіп беруге уәде берген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі mangystaumedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Нұргүл есімді келіншек Whatsapp желісінде топ ашып Қытайдан төмен бағадан ыдыс-аяқ жеткізетіні туралы хабарлаған. Тауарды жеңілдікпен алу механизміне мүмкіндігінше тапсырыс берушілерді көптеп тартқан. Соның ішінде алаяққа алданған бір ғана адам үш мыңға жуық адамды шақырған. Қазіргі уақытта келтірілген материалдық шығын көлемі 3 млрд теңгені құрап отыр.
"Бұл дерек бойынша қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігінің "аса ірі мөлшердегі алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Қазір 39 жастағы әйел қамауда алынып, тергеу жүргізіліп жатыр", - деді Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!