Полиция Жаңа жыл қарсаңында алаяқтар белсенді түрде әрекет ететінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Полиция мәліметінше, әлеуметтік желілерде бағасы арзан шыршаларды сату туралы хабарламалар пайда болады. Олар әдемі фотосуреттерді пайдаланып, алдын ала төлем жасауды талап етеді. Ақша аударылғаннан кейін "сатушылар" байланысты бірден үзеді.
Полиция ескертеді:
- Белгісіз немесе жаңадан ашылған парақшалардан тауар сатып алмаңыз;
- Алдын ала төлем жасаудан, әсіресе жеке банк карталарға ақша аударудан бас тартыңыз;
- Пікірлерді, жарияланымдарды және аккаунттың тіркелген күнін мұқият тексеріңіз;
- Нақты мекенжай мен байланыс нөмірінің бар-жоғын анықтаңыз;
- Өте төмен баға немесе төлемді жедел жасауға шақыратын ұсыныстарға сақтықпен қараңыз;
- Күмән пайда болса, сатып алудан бас тартқан жөн.
Алаяқтар мерекелік әуре-сарсаң мен азаматтардың үнемдеуге деген ұмтылысын пайдаланады. Сондықтан ақшаны алаяқтардан сақтаудың ең тиімді жолы - мұқият болу.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Massaget.kz