Арзан жиһаз алмақ болған атыраулықтар алаяқтың арбауына түсіп қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
023 жылдың ақпан айында белгісіз адам әлеуметтік желі арқылы Шымкент қаласынан арзан бағада жиһаз жасайтын парақша ашып, WhatsApp арқылы белгісіз нөмерді енгізіп қойған.
Жарнамаға Атырау қаласының тұрғындары қызығушылық танытып, банк қосымшасы арқылы алты айға несие рәсімдеп және алдын-ала төлем ретінде қомақты қаржы аударып, сан соғып қалған. Мысалы, 67 жастағы қала тұрғыны Шымкент қаласынан 24 дана орындыққа тапсырыс беріп, жеке кәсіпкердің атындағы банк қосымшасына алты айға 675 996 теңге несие рәсімдеп және 833 мың теңге көлемінде аударым жасаған.
Алайда, тапсырыс берген тауар келмей, сатушымен байланыс үзілген. Салдарынан 66 жастағы қала тұрғынына 1 млн 508 996 теңге материалдық шығын келген. Атырау облысы ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізу кезінде күдікті ретінде Түркістан облысының 30 жастағы тұрғынын анықтап, дәл осындай алаяқтық жолмен Атырау қаласының үш тұрғынын алдап, барлық жәбірленушілердің 4 млн теңге көлемінде ақша қаражатын иемденгенін анықтады.
Сотқа дейінгі тергеу кезінде 29 жастағы күдікті өз қылмысын толықтай мойындап, қазіргі таңда Атырау қаласының №2 сотының шешімімен қылмыстық құқық бұзушылыққа кінәлі деп танылып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!