Түркістан облысы Арыс қаласындағы Абай атындағы Білім-Инновация лицей-интернатының түлегі, 18 жастағы Айсұлтан Алтынбек таңғаларлық нәтиже көрсетті, оны әлемнің 9 елінен 86 жоғары оқу орны шақырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Лицейіміздің мақтанышы Алтынбек Айсұлтан әлемнің 9 еліндегі 86 университеттен шақырту алды. Олардың ішінде ең беделді 10 халықаралық университет бар", - деп жазылған хабарламада.
Айсұлтан шақырту алған үздік университеттер қатарында мына ЖОО-лар бар:
"Бұл оқу орындары - жаһандық рейтингтерде жоғары орын алатын, ғылым, технология, бизнес және әлеуметтік ғылымдар саласында жетекші университеттер. Айсұлтанның жалпы иеленген гранты - $4 614 000. Бұл - үлкен еңбек пен мақсатқа деген адалдықтың нәтижесі", - деп жазылған хабарламада.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!