- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Арыстанбек Мұхамедиұлының сыбайластары...
Арыстанбек Мұхамедиұлының сыбайластары қанша жылға сотталды?
Бүгін Астанада Ұлттық музейдің бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы мен оның сыбайластарына қатысты үкім шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Судья оқыған үкімде Алмаз Нұразханға Қылмыстық кодекстің 189-бабы 2-тармағының 4-бөлігі бойынша айып тағылғаны айтылған. Ол мемлекеттік қызметті атқару құқығынан өмір бойына айырылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сонымен қатар "Ерен еңбегі үшін" және "ҚР Еңбек сіңірген қайраткері" атағынан айыру туралы ұсыныс жасалады.
"Азамат Көшенов Қылмыстық кодекстің 28-бабы 2-тармағы 5-бөлігі, 189-бөлігі 4-бөлігі бойынша 7 жылға бас бостандығынан айырылады және мемлекеттік сатып алумен айналысуына тыйым салынады. Айым Сәдуақасоваға Қылмыстық кодекстің 28-бап, 5-бап және 189-бап 4-бап 2-тармағы бойынша 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындалады", - деді судья Бағлан Ыдырысов.
Еске салайық, бұған дейін экс-министр және Ұлттық музейдің бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы 8 жылға сотталғанын хабарлаған едік.
Азамат Қойшығара
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан