Арыстағы ескі ату жарақтары сатылымға шығарылды

Арыстағы ескі ату жарақтары сатылымға шығарылды
Фото: e-auction.gosreestr.kz

Электронды сауда алаңы сайтында лот жарияланды - Арыстағы ескі оқ-дәрілер сатып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ЭСА сайтына сілтеме жасап.

33 тоннадан асатын түсті металл 79 миллион теңгеге сатылып жатыр. Аукционға қатысушылар 11 869 664 теңге кепілді жарна құйып, сосын бағаны ұлғайту арқылы бәссаудаға қатыса алады.
Ату жарақтарын "Қазтехнологиялар" акционерлік қоғамы сатып жатыр.

Фото: e-auction.gosreestr.kz

Жарияланған суреттерден автоматтар мен снарядтардан атылған гильзаларды байқауға болады. Жалпы алғанда сатып алушы мынадай түсті металдарға ие болады: 29 тонна латунь сынықтары, 2,8 тонна алюминь құймасы, 46 келі қорғасын және 1,2 тонна мыс құймасы.

Фото: e-auction.gosreestr.kz

Айта кетейік, 2019 жылы Арыстағы әскери бөлімде қоймада жарылыс болды. Снарядтар жан-жаққа ұшып, көптеген ғимараттарды қиратты. Жергілікті тұрғындар толықтай эвакуацияланған болатын.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Massaget.kz