Қорғаныс министрлігі өкілі Арыстағы жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, 19 тамызда сағат 19:00 шамасында Арыс гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінің техникалық аумағында құрғақ шөп тұтанған.
"Өрт кезінде жоюға алдын ала дайындалған оқ-дәрі фрагментінің дүмпу дауысы естілген. Зардап шеккендер мен қираған нысандар жоқ. Жағдай бақылауда", - деді министрлік өкілдері.
Өрт толық өшірілген, оқиға орнында тиісті қызметтер жұмыс істеп жатыр.
"Азаматтарды әлеуметтік желіде тарап жатқан, расталмаған ақпаратқа сенбеуге және тек ресми мәліметке сүйенуге шақырамыз", - деп жазылған хабарламада.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!