Арыста оқ-дәрі жарылғаны рас па? Министрлік жауап берді

Арыста оқ-дәрі жарылғаны рас па? Министрлік жауап берді
Фото: әлеуметтік желіден

Қорғаныс министрлігі өкілі Арыстағы жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, 19 тамызда сағат 19:00 шамасында Арыс гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінің техникалық аумағында құрғақ шөп тұтанған.

"Өрт кезінде жоюға алдын ала дайындалған оқ-дәрі фрагментінің дүмпу дауысы естілген. Зардап шеккендер мен қираған нысандар жоқ. Жағдай бақылауда", - деді министрлік өкілдері.

Өрт толық өшірілген, оқиға орнында тиісті қызметтер жұмыс істеп жатыр.

"Азаматтарды әлеуметтік желіде таралып жатқан, расталмаған ақпаратқа сенбеуге және тек ресми мәліметке сүйенуге шақырамыз", - деп жазылған хабарламада.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget