Мамырдың басында Түркістан облысы Арыс қаласында есірткі зертханасы жойылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында қаланың шетінде орналасқан жеке тұрғын үйде ағайынды екі ер адам ірі көлемдегі синтетикалық есірткінің заңсыз өндірісін ұйымдастырғаны анықталған.
"Оқиға орнын тінту кезінде жарты тоннаға жуық сұйық мефедрон, 1,5 тонна прекурсор табылды. Оларға сараптама тағайындалды. Сондай-ақ, реактор, колбалар, магниттік араластырғыш, канистрлер, пластикалық науалар, есірткі өндіру белгілері бар өзге де құрал-жабдықтар тәркіленді. Күдіктілерге қатысты Қылмыстық кодекстің 297-1-бабы бойынша соталды тергеп-тексеру басталды. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Елдар Әбдікенов.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз