Арыста басынан жарақат алған әскери қызметкердің жағдайы ауыр

Арыста басынан жарақат алған әскери қызметкердің жағдайы ауыр
Фото: depositphotos.com

16 қыркүйекте тәуліктік нарядта қызмет атқару кезінде Арыс гарнизонының әскери бөлімдерінің бірінің келісімшарты бойынша әскери қызметкері басынан жарақат алған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Шымкент гарнизонының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алдын ала ақпаратқа сәйкес, келісімшарт бойынша әскери қызметкер отбасылық-тұрмыстық жанжал аясында өзіне-өзі қол жұмсауға әрекет жасаған. Келісімшарт бойынша әскери қызметкер аудандық ауруханаға жеткізілді, оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетіледі.

"Қазіргі уақытта денсаулығы тұрақты-ауыр деп бағаланды. Өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Жаралану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі.

Бұған дейін Қорғаныс министрлігі Ақтауда оқ жарақатынан борышын өтеп жүрген сарбаздың қаза табуына қатысты түсініктеме берген болатын. Айта кетейік, сарбаз Маңғыстау полигонында жараланған. Ол ауруханаға бара жатқан жолда қайтыс болды. Ақтау гарнизонының баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиғаға себеп қарумен жұмыс жасау кезінде ережелерін бұзу салдарынан болған.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина