- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Арықтаймын деп ажал...
Арықтаймын деп ажал құшты: Алматы полициясы түсінік берді
Әлеуметтік желіде "арықтағысы келген әйел ажал құшқаны" туралы ақпарат тарады. Бұған қатысты Алматы полиция департаментінің ресми өкілі түсінік берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Аталған дерек бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы іс қозғады. Адам өлімінің себеп-салдарын анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Содан кейін процессуалдық шешім қабылданады", - деді Салтанат Әзірбек Massaget.kz тілшісіне берген жауабында.
Әлеуметтік желіде "арықтағысы келген әйел ажал құшқаны" туралы ақпарат тарады. Бұл туралы белгілі журналист Гүлмира Әбіқай жазды.
Еске салайық, бұған дейін журналист Гүлмира Әбіқай "арықтағысы келген әйел ажал құшқаны" туралы жазған еді. Оның сөзінше, марқұмның артында екі бала қалған.
"Арықтаймын деп ажал құшты. Алматылық 47 жасар әйел іштегі майды алдырамын деп арты қайғылы жайтқа ұшырады. Отадан кейін көзін ашып, туыстарына селфи фото жіберген әйелдің жағдайы кешке күрт нашарлайды. Ақыры жүрегі тоқтап, қайтыс болды. Артында 2 баласы, жары қалды", - деді журналист.
Сонымен қатар, көз жұмған әйел ұзақ жылдық еңбек өтілі бар мұғалім болып шықты.
"25 жыл мектепте жұмыс істеген марқұм "Ұлағатты ұстаз" деген медаль иесі. Операция жайлы ұзақ зерттеп, таңдаған клиникамен 1,6 айдан бері үздіксіз кеңес жүргізіп отырған. Отаға барлық анализдері лайық болған. Пластикалық хирургтер липоксациядан соң денсаулықтың асқынуы мүмкін екенін ескертпедік деп мойындап отыр. Сонда қалай?" - деді Гүлмира Әбіқай.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан