Арықтағымыз келеді, бірақ қыстың суық кештері көңіл күйді көтеру үшін және жылыну үшін тәттілермен шай немесе кофе ішеміз. Арықтау үшін кешкісін қандай ержелерді сақтау керегін біле жүріңіз.
1. Кешкісін қандай да бір іспен айналысыңыз
Әдетте адамдар кешкісін еріккеннен артық тамақтанады. Ұйықтар алдында бірдеңемен шұғылданыңыз. Мысалы, далада серуендеңіз, кітап оқыңыз, күнделік жазыңыз және т.б. Тоқу немесе сурет салу секілді жаңа хоббиді қолға алуға болады.
2. Ұйықтауға уақытында жатыңыз
Егер арықтағыңыз келсе, сізге жеткілікті мөлшерде ұйқы керек. Нақты кесте құрып, соны сақтаңыз. Күнде ұйықтауға бір уақытта жатыңыз.
3. Кешкісін жаттығу жасаңыз
Кешкісін физикалық жаттығулар жасаған пайдалы. Алайда мына екі ережені сақтаңыз: дәл ұйықтар алдында жасамаңыз және кешкісін өте қарқынды спорт түрімен айналыспаңыз. Себебі бұлар ұйқы сапасын бұзуы мүмкін.
4. Ұйықтар алдында тамақ жемеңіз
Әдетте ұйықтар алдында тамақ жегісі келетін адамдар жоғары калориялы өнімдерді таңдайды. Ұйықтар алдында тамақ ішу артық салмақ қосуға әкеледі және ұйықтап кетуге кедергі келтіреді.
5. Өзіңізбен бірге алып кететін түскі асыңызды дайындап қойыңыз
Түскі ас уақытында тамақты сыртта ішпеңіз, оның орнына күнде кешкісін үйден дайындап алыңыз. Әдетте сырттан тамақ алатын адамдар майлы және тұзды өнімдерді таңдайды. Ал үйде пайдалы тамақ дайындап алуға мүмкіндік болады және ақшаңызды үнемдейсіз.
6. Теледидарды сөндіріңіз
Көпшілік кешкі ас кезінде теледидар немесе телефон қарайды. Алайда бұл әдет артық салмақ қосып алуға әкеледі.
7. Күйзелістен арылыңыз
Күйзеліс артық салмаққа әкеледі. Кешкісін демалуға және босаңсытатын процедуралар жасауға уақыт табыңыз. Мысалы, тыныс алу техникаларын меңгеріңіз және ванна қабылдаңыз.