- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Арықтау үшін қандай...
Арықтау үшін қандай түсті банан жеу керек?
Әдетте арықтағысы келетіндерге банан жеуге тыйым салады. Себебі бұл жемістің калориясы көп: бір піскен бананда 12-16 г қант бар. Алайда банан жеу арқылы да арықтауға болады. Бастысы, оның түсін дұрыс таңдау керек екен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Doctorpiter.ru"-ге сілтеме жасап.
Сандерленд университетінің докторы Каран Радж жасыл банандарды жеуге кеңес берді. Біріншіден, олардың калориясы аз. Екіншіден, піспеген банандар ас қорытуды жақсартады. Алайда, егер артық салмақ мәселесі болмаса, піскен жемістерден бас тартудың қажеті жоқ.
"Піскен және піспеген банандардың денсаулыққа пайдасы әртүрлі. Шын мәнінде, банандарда көмірсулардың 80-90% крахмалдан келеді. Піспеген немесе жасыл бананның құрамында талшық сияқты әрекет ететін көмірсулардың бір түрі - резистентті крахмал көп. Бұл сіздің ішегіңіздегі пайдалы бактерияларыңыз ұнататын пребиотик", - дейді Ұлыбританияның ұлттық денсаулық сақтау қызметінің жалпы тәжірибелік хирургы.
Резистентті, яғни төзімді крахмал асқазанда немесе аш ішекте қорытылмайды және сіңбейді. Өзгеріссіз түрде ол тоқ ішекке еніп, пайдалы микроорганизмдердің әсерінен ыдырайды. Пайдалы бактериялар "тамақтандырылған" кезде ас қорыту жақсарады, нәжіс проблемалары кетеді, салмақ азаяды.
Айтпақшы, ішек микрофлорасына қамқорлық жасау арқылы тоқ ішек қатерлі ісігінің алдын-аласыз және холестерин деңгейін қалыпта ұстайсыз. Бұл мақсатта піспеген банандар жақсы көмектеседі.
Доктора Радждың айтуынша, банан неғұрлым жасыл болса, оның гликемиялық индексі соғұрлым төмен болады. Бұл ағзаның глюкозаға ыдырауы үшін көп уақыт қажет екенін білдіреді. Сондықтан қант диабетімен ауыратын адамдарға піспеген банандарды жеген жөн.
Банан - калийдің керемет көзі: орташа мөлшердегі бұл жеміс осы минералдың күнделікті нормасының 10%-мен қамтамасыз етеді. Ал калий өз кезегінде жүрек саулығын сақтайды және қан қысымын бақылауда ұстайды.
Оқи отырыңыз: Іштегі майдан арылуға көмектесетін 3 сусын аталды
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
А. Жапатова