Арықтағаннан кейін ескі әдеттерге қайта оралу ағзаға айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін. Лестер университетінің ғалымдары жүргізген зерттеу (Diabetes, Obesity and Metabolism (DOM) журналында жарияланған) нәтижесіне сүйенсек, денсаулыққа пайдалы өмір салтынан бас тарту бұлшықет массасының жоғалуына және артық майдың қайта жиналуына әкеп соқтырады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ғалымдар жүргізген зерттеу нәтижелері салмақ тастағаннан кейін қайтадан артық салмақ қосу ағзаға зиян тигізетінін дәлелдейді.
Экспериментке 622 адам қатысқан. Олар арықтау және қант диабетінің алдын алу бағдарламаларына қатысып, дұрыс тамақтанып, спортпен шұғылданып, белсенді өмір салтын ұстанды. Зерттеушілер олардың дене пішімін өлшеп, бағдарламадан бір жыл өткен соң қайта тексерген.
Нәтижелер:
Арықтағаннан кейін салмақтың қайта қосылуы бұлшықеттердің әлсіреуіне, зат алмасудың баяулауына және май тіндерінің көбеюіне әкеледі, бұл жүрек-қан тамырлары аурулары мен қант диабетінің қаупін арттыруы мүмкін. Сондықтан дұрыс тамақтану мен белсенділікті өмір бойы сақтау маңызды.
Ғалымдардың айтуынша, ағза табиғи түрде май қорын жинақтауға бейім, себебі бұл стресс жағдайларында өмір сүру механизмі ретінде жұмыс істейді. Ал бұлшықеттер, керісінше, энергияны көп тұтынатын құрылым болғандықтан, пайдаланылмаған жағдайда ағза олардан құтылуға тырысады.
Салмақтың қайта жиналуының негізгі себептері:
Арықтағаннан кейінгі нәтижені сақтау және денсаулықты қорғау үшін бірнеше негізгі қағидаларды ұстану маңызды:
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!